Елорда • Бүгін, 17:55

Астанада Тазару күніне орай ауқымды сенбілік өтті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Наурызнама» онкүндігі дәстүрлі түрде 23 наурыз – Тазару күнімен аяқталады. Осы күні қала бойынша ауқымды сенбілік ұйымдастырылып жатыр. Коммуналдық қызметтер қыстан кейін санитарлық тазалау жұмысына кірісті, деп жазады Egemen.kz.

Астанада Тазару күніне орай ауқымды сенбілік өтті

Астанада бұл күні «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық бастамасы аясында «Өзіңнен баста» акциясы өтіп жатыр. Ол қала тұрғындарын бірігіп, айналаны таза әрі көрікті етуге шақырады.

Аталған бастама аясында қаланың алты ауданында қар мен қоқысты тазарту жұмысы жүргізіліп жатыр.

Тазару күні: Президент азаматтарды тазалық пен тәртіп эстафетасына белсене қатысуға шақырды

Елорда бойынша шағын сәулет нысандарын, ескерткіштер мен мүсіндерді, қоқыс алаңдары мен контейнерлерді жуу және қалпына келтіру жүріп жатыр. Сондай-ақ аялдама кешендер, қоршаулар, жарық бағаналары, арықтар мен су айдындарының жағалау аймақтары тазартылып, жуылып жатыр.

Астаналық студенттер «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізді

Қала тұрғындары да аулалар мен көшелерді тазалау жұмысына белсенді атсалысуда.

Дәстүр бойынша еріктілер жалғызбасты зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың аулаларын қар мен қоқыстан тазартуға арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Бұл шараға еріктілермен қатар белсенді қала тұрғындары да қатысып жатыр.

Аталған бастама қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға және тұрғындардың тазалық пен тәртіпке деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар