Саясат • Бүгін, 08:18

«KUSANONE»: Емханаларға қолдау көрсетті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияның «KUSANONE» (Шөп тамыры) гранттық бағдарламасы Астана қаласы мен Алматы облысының медициналық мекемелеріне қаржылай қолдау көрсетті. Бұл ақшаға олар медициналық құрал-жабдық алмақ.

«KUSANONE»: Емханаларға қолдау көрсетті

Сурет: mofa.go.jp

Жапония елшілігінде өткен жиында Жапонияның еліміз­­дегі Төтенше және өкілетті елшісі Ииджима Ясумаса Астана қаласының №1 көпсалалы қалалық ауруханасы мен Еңбекшіқазақ көпбейінді орталық аудандық ауруханасының өкілдерімен гранттық келісімшартқа қол қойды. Келімсімшарттың жалпы сомасы – 85,224 доллар.

Елші қаржылай қолдауға ие болған медицина орталық­тарының өкілдерін құттықтай отырып, әрбір жоба медициналық қызметтердің сапасын арттырып, адамның өмірін сақтауда елеулі үлесі қосатынына сенім білдір­ді. Ұйым өкілдері де Жапония үкіметінің қазақ халқына көрсетіп жатқан қолдауы үшін алғысын жеткізді.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, гранттық қаржыға Астана қала­сының №1 көпсалалы қалалық ауруханасы шамамен 51,025 долларды құрайтын 7 пациент мониторын, ал Еңбекшіқазақ көпбейінді орталық аудандық ауруханасы 32 креатинин анализаторын (бастапқы жиынтығымен қоса) сатып алуды жоспарлап отыр. 

Айта кетсек, Күншығыс елі үкіметінің «KUSANONE» бағдарламасы – адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шағын ауқымдағы әлеуметтік жобаларға қайтарымсыз көмегі. Гранттық қолдау халықтың қарапайым топтарына жәрдемдесіп, олар­дың қауіпсіздігін қамта­масыз етуге үлесін қосады. Бағдарламаға жергілікті билік органдары, медицина, білім мекемелері, үкімет­тік емес ұйымдар, қоғамдық қор­лар қатыса алады. Жоба денсау­лық сақтау, білім, әлеумет­тік қамтамасыз ету, экология, қор­шаған ортаны қорғау, кедей­лік­пен күрес, т.б. салаларға арнал­ған. Аталған бағдарлама елімізде 1997 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.

Соңғы жаңалықтар

Тағы да тариф туралы

Мәселе • Бүгін, 08:55

Баспана салу бәсеңдеген жоқ

Құрылыс • Бүгін, 08:48

Адам құқын қорғау әлеуеті

Құқық • Бүгін, 08:38

Заманымыздың заңғар тұлғасы

Руханият • Бүгін, 08:35

Қайтқан қаржы әділ бөлінеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:33