Саясат • Бүгін, 07:45

Қазақстан – Қытай: Мәдени байланыстардың жаңа кезеңі

30 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Бейжің қаласында Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы­ның ашылуы аясында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат ми­нистрі Аида Балаева Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Насихат бөлімінің меңгерушісі Ли Шулэймен кездесті.

Қазақстан – Қытай: Мәдени байланыстардың жаңа кезеңі

Келіссөз барысында тараптар мәдени-гуманитар­лық ықпалдастықты одан әрі дамытудың келешегін және бірлескен бастама­ларды іске асыру мәселелерін талқылады. Аида Балаева Қазақстан мен Қытай ара­сындағы қарым-қаты­настың жоғары деңгейін атап өтіп, ынтымақтастықты алдағы уақытта да кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.

«Бүгінде Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас жан-жақты страте­гиялық әріптестіктің бұрын-соңды болмаған биік деңгейіне көтерілді. Бұл, сөзсіз, қос мемлекет басшыларының зор еңбегінің нәтижесі. Біз өз тарапымыздан ынтымақтастық­ты одан әрі тереңдетуге және ел­дері­міздің арасындағы ықпал­дастықты кеңейтуге мүдделіміз. Мәдени алмасу жылы аясында бірқатар бірлескен жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Атап айтқанда, креативті индустрия­лар фес­ти­валін, театр және цирк фести­вальдарын өткізуге бола­ды. Былтыр Бейжіңде Қазақ­станның мәдени орталығы ашылғанын атап өткім келеді. Бұл мәдени байланыстарды нығайтуға қосымша мүмкіндік береді», деді Мәдениет және ақпарат министрі.

Өз кезегінде Ли Шулэй Қазақстан мен Қытай мәде­ниетінің тоғыспалы жылының өтуі екі ел халқының жақын­дасуына серпін беретін маңызды фактор болатынына сенім білдірді.

«Қытай мен Қазақстан – сенімді достар әрі страте­гиялық серіктестер. Біздің қарым-қатынасымыз стра­тегиялық әріптестіктің жаңа кезеңіне қадам басты. Мемлекеттеріміздің басшылары осы жылды Мәдени алмасу жылы деп жариялады. Біз бұл оқиғаға айрықша мән береміз және оның аясында ұйымдастыруға болатын іс-шараларды талқылауға әзірміз», деді Ли Шулэй.

Кездесу барысында тараптар бірлескен жобаларды дамытуға қатысты бірқатар бастама көтерді. Әсіресе киноиндустрия саласындағы ынты­мақтастыққа ерекше назар аударылды. Аида Балаева Қытай аудиториясының қазақ­­ста­н­дық кино үшін зор әлеует­ке ие және ірі кинокомпания­лар­мен әріптестік орнатуға мүм­кіндік мол екенін атап өтті.

Сондай-ақ тараптар бір­лес­кен деректі және көркем фильм­дер түсіру, оларды кейін екі ел аумағында ілгерілету мәсе­ле­лерін талқылады. Ли Шулэй қазақстандық кине­ма­тографис­терді Шанхай ха­лық­аралық кинофестива­ліне қатысу­ға шақырып, бұл алаң­ның киноны дамыту және мәдени байланыстарды нығайту­дағы маңызына ерекше тоқталды.

Бұдан бөлек, тараптар бей­нелеу өнері саласындағы ынты­мақтастықтың келе­шегіне тоқталып, бірлескен пленэрлер мен көрмелер ұйымдастыру, сондай-ақ екі ел суретшілері арасындағы шығармашылық байланысты дамыту мәселелерін сөз етті.

Басқосуда сонымен қатар Қазақстан және Қытай авторларының шығармаларын өзара аудару мәселелері талқы­ланып, әдеби туынды­ларды экрандаудың әлеуетіне назар аударылды. Бұдан өзге, гастрольдер мен бірлескен қойылымдарды қамтитын театр саласындағы ынтымақ­тастық мәселелері де көтеріл­ді. Басым бағыттардың бірі ретінде туризмді дамыту, оның ішінде медиа өкілдері үшін таныстыру турларын ұйым­дастыру мәселесі де айқындалды.

Сондай-ақ Бейжің қала­сын­да Қазақстан мен Қытай мәде­ниетінің тоғыспа­лы жы­лы­ның ашылуына арнал­ған сал­танатты Гала-концерт ұйым­дастырылып, іс-шараға мың­ға жуық адам қатысты. Тағы­­лым­ды кеш екі ел ара­сын­­да­ғы достық пен өзара тү­сі­ніс­­тік­тің нығая түскенін біл­діре­тін маңызды мәдени оқиға болды.

Іс-шара Қазақстан Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Рес­пуб­ликасының Төрағасы Си Цзиньпин арасындағы 2026 жыл Қазақстан мен Қытай­дың Мәдениет жылы болып жарияланған уағдаластықтар аясында ұйымдастырылды.

Салтанатты кештің құр­метті қонақтары қатарында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақ­парат министрі Аида Балаева, Қытай Халық Республикасы­ның Мә­дениет және туризм ми­­нистрі Сунь Ели, Қазақстан­ның ҚХР-дағы Төтен­ше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев, сондай-ақ дип­ломатиялық корпус өкіл­дері мен Қытайдың шығарма­шы­лық зиялы қауым өкілдері болды.

Қытай ұлттық опера театры­ның сахнасында құт­тықтау сөз сөйлеген Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени ынтымақтастықтың жаңа мазмұнмен толыға түскенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде бірлескен жобалар табысты жүзеге асырылып, гастрольдер, концерттер, көрмелер мен фес­тивальдар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Сонымен қатар Бейжіңде Қазақстанның мәдени орталығының ашылуы екі ел арасындағы байланысты нығайту жолындағы маңыз­ды қадам болды. Министр мұндай бастамалардың бола­шаққа берік негіз қалайты­нын және жас ұрпақты жаңа жетістіктерге жігерлен­діре­тінін ерекше атап өтті.

«Бүгінгі кеш – жай ғана концерт емес, аударманы қажет етпейтін мәдениеттер диалогі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, мәдениет ұлттың бет-бейнесін айқындайды, ал әлем елді ең алдымен оның өнері арқылы таниды. Осындай кездесулер, музыка, театр және шығармашылық арқылы біз бір-бірімізді тереңірек түсініп, жақындай түсеміз. Мәдениеттердің тоғыспалы жылы бізге жаңа мүмкіндіктер ашады. Бірлескен жобаларға жол ашып, шығармашылық ізденістерді жандандырып, өзара рухани байытуға серпін береді», деді Премьер-министрдің орынбасары.

Өз кезегінде Қытайдың Мәдениет және туризм ми­нистрі Мәдениет жылы гуманитарлық байланыс­тарды тереңдетіп, екіжақты ынты­мақтастықты дамытуға ықпал ететін маңызды алаң екенін айтты.

«Қытай мен Қазақстан мәдениетінің тоғыспалы жылы аясында екі елдің музейлері мен ғылыми-зерттеу құры­лымдары бірлесіп археоло­гиялық зерттеулер жүргізуге, өнер қайраткерлері Қытай –Қазақстан музыканттарының дөңгелек үстелі сияқты алаң­дарда терең диалог орнату­ға мүмкіндік алады. Сахналық өнер мен креативті индуст­рия салаларында бірлескен кадр даярлау жұмыстары да күшейтіледі. «Қытай мен Қазақстан мәдениетінің тоғыспалы жылы» мәдениет және өнер ұйымдары арасын­дағы практикалық ынтымақ­тастықтың маңызды платформасына, сондай-ақ екі елдің мәдени байлығын танытатын жарқын алаңға айналарына сенімдіміз», деді Сунь Ели.

Гала-концертке Қазақ­стан мен Қытайдың белгілі өнер майталмандары қатыс­ты. Кештің айрықша рухын елі­міздің жетекші шығарма­шылық ұжымдары – Құр­манғазы атындағы Қазақ ұлт­тық халық аспаптар оркестрі, «Астана Опера» театры, «HasSak» этно-фольклорлық тобы, «Астана Балет» театры, Бейжің хореография инс­титуты және Қытай опера және балет театрының ұлттық оркестрі айшықтай түсті.

Соңғы жаңалықтар