Жануарлар • Бүгін, 20:33

Алматы зообағында дүниеге келген амур жолбарыстарына есім берілді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы зообағында жаңадан туылған үш амур жолбарыстарына есім таңдалды. Бұл шешімді зообақ қызметкерлері әлеуметтік желідегі жазылушылармен ақылдаса отырып қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы зообағында дүниеге келген амур жолбарыстарына есім берілді

Жүздеген ұсыныстар арасынан Алматы қаласының тұрғыны ұсынған нұсқа таңдалды.

Зообақ әкімшілігінің хабарлауынша, есімді таңдау барысында желі қолданушыларының пікірлері есепке алынды. Амур жолбарыстары туралы жарияланған постқа шамамен 400 пікір келіп түсті.

«Есімдерді таңдау оңай болмады, бірақ «Жыртқыш сүтқоректілер» бөлімінің қызметкерлері өз таңдауын жасады», деп атап өтті зообақта.

Нәтижесінде кішкентай жолбарыстарға Алан, Арлан және Тарлан есімдері қойылды.

Жазылушыларға есімдер бірден ұнады. Көпшілігі олардың әдемі естілетінін және жолбарыстарға сай келетінін жазды.

Айта кетейік, Қаңтар айында Алматы хайуанаттар бағында Бентли мен Ярга атты жолбарыстар жұбында үш бірдей кішкентай төл өмірге келді. 

Соңғы жаңалықтар