Оқиға • Кеше

Қызылордада құрғақ шөп өртенді: Үйлер мен ғимараттарға қауіп төніп тұр

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласындағы Саяхат шағынауданында канал бойында құрғақ шөп өртеніп, жақын маңдағы тұрғын үйлер мен ғимараттарға қауіп төнді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Қызылордада құрғақ шөп өртенді: Үйлер мен ғимараттарға қауіп төніп тұр

фото: ҚР ТЖМ

Ведомство мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде құрғақ шөп, ағаштар мен қалың өсімдіктер жанып, өрттің әкімшілік және жеке ғимараттарға таралу қаупі болған.

Өртті сөндіру үшін канал бойындағы ошақтарға арнайы қайық тартылып, нәтижесінде тілсіз жау жедел түрде ауыздықталды.

Құзырлы органдар жүргізген тексеру барысында өртке кінәлі адам анықталып, оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 336-бабы бойынша хаттама толтырылды.

Алматыда базар маңында өрт шықты

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, құрғақ шөпті өртемеуге және ашық от көздерін қараусыз қалдырмауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар