Оқиға • Бүгін, 11:49

Ерболат Досаевтың «Самұрық-Қазынадағы» өкілеттілігі тоқтатылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің құрамынан да шығарылды. Енді ол ұлттық әл-ауқат қорының аталған кеңесінің құрамына кірмейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерболат Досаевтың «Самұрық-Қазынадағы» өкілеттілігі тоқтатылды

Фото: inbusiness.kz

Қордың мәліметінше, қолданыстағы ережелерге сәйкес, директорлар кеңесінің құрамына Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары кіреді.

Мемлекет басшысы 25 наурыздағы жарлығымен Досаевты осы қызметтен босатқаннан кейін, оның «Самұрық-Қазынадағы» өкілеттігі автоматты түрде тоқтатылды.

Ерболат Досаев тағы бір қызметке тағайындалды

Еске салайық, Ерболат Досаев тура 10 ай Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарды. Одан бұрын 3 жыл Алматы әкімі болғаны мәлім.

Мемлекет басшысы Ерболат Досаевты қызметінен босатты

Соңғы жаңалықтар