Аймақтар • Бүгін, 11:00

Түркістан облысында Сарыағаш айналма жолының құрылысы басталды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысында Сарыағаш айналма жолының құрылысы қолға алынды. Жаңа автожол қала ішіндегі көлік жүктемесін азайтып, Өзбекстан бағытына өтетін транзиттік қозғалысты айтарлықтай жеделдетпек, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында Сарыағаш айналма жолының құрылысы басталды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға және Қазақстанның халықаралық транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған ірі жобаны іске асырып жатыр.

2026 жылғы 5 сәуірде республикалық маңызы бар «Сарыағаш айналма жолының» құрылысы ресми түрде басталды. Іс-шараға «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров және салалық мекемелердің өкілдері қатысты.

Астанада 2026 жылғы жол-құрылыс жұмыстары маусымы басталды

Дархан Иманашевтің айтуынша, жоба өңір үшін стратегиялық маңызға ие. Оның іске асуы транзиттік көлікті қала аумағынан шығарып, жолдардағы жүктемені азайтады әрі көршілес елдермен қатынасты жақсартады. Бұл бағыттағы жолдардың өткізу қабілеті мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жоба аясында ұзындығы 102,6 шақырым болатын I-а санаттағы төрт жолақты заманауи автожол салу жоспарланған. Жол халықаралық стандарттарға сәйкес жобаланып, үздіксіз әрі қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етеді.

Айналма жолдың салынуы өңір экономикасына да оң әсерін тигізеді: жүк және жолаушылар тасымалы жеңілдейді, шекара маңындағы сауда дамиды, ал Түркістан облысының халықаралық көлік дәліздеріндегі маңызы арта түседі.

Сонымен қатар, облыста жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі таңда республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 678 шақырымды құрайды. Осы бағытта 99,2 шақырым жолға күрделі және орташа жөндеу жүргізілуде, оның ішінде көпірлер мен жол тораптарын жаңарту да бар.

Алматы облысында жол опырылды: Қозғалыс уақытша шектелді

2026 жылы «Шымкент – Қызылорда» бағытында да жұмыстар жоспарланған. Бұл жолда жалпы ұзындығы 103 шақырым болатын орташа жөндеу жобалары жүзеге асып, қозғалысты автоматтандырылған бақылау жүйелері орнатылады. Бұл шаралар жол сапасын арттырып, көлік қозғалысын тиімдірек етеді.

Жалпы алғанда, аталған жобалар өңірде заманауи әрі қауіпсіз жол жүйесін қалыптастыруға, көлік қызметінің сапасын көтеруге және Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін нығайтуға бағытталған. 

Соңғы жаңалықтар