Төтенше жағдай • Бүгін, 12:17

Шөптікөл бөгетіндегі қазіргі ахуал: Сабынды ауылында су тасқыны қаупі жойылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының Қорғалжын ауданында еріген қар суының келуіне байланысты Шөптікөл бөгетінің бұзылуы тіркелді. Оқиға орнына облыс әкімі Марат Ахметжанов пен Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков барды. Облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпанның жетекшілігімен жедел штаб құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шөптікөл бөгетіндегі қазіргі ахуал: Сабынды ауылында су тасқыны қаупі жойылды

Қазіргі таңда жақын маңдағы Сабынды ауылы үшін су басу қаупі толық жойылды. Елді мекендегі барлық нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Ақмола облысында Шөптікөл бөгеті бұзылды

Төтенше жағдай салдарын жою мақсатында жергілікті атқарушы органдар, ТЖМ күштері және тұрғындар жұмылдырылып, Астана – Қорғалжын республикалық автожолының жол жамылғысының деңгейін көтеру арқылы еріген суды дала аймағына бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Су тасқыны: Қазақстанның бірнеше өңірінде тасжолдарды су басты

Жұмысқа 56 техника мен 230-дан астам адам тартылған. Сондай-ақ 5 мың қап, 50 мың тонна инертті материал дайындалып, 800 метрге жуық қорғаныс үйіндісі төселді. Қазіргі жағдай тиісті қызметтердің тұрақты бақылауында.

Айта кетейік, Шөптікөл бөгетінің сыйымдылығы 4,71 млн текше метрді құрайды. Су айдынының аумағы 157 гектар, орташа тереңдігі шамамен 3 метр. Бұл нысан Астана – Қорғалжын автожолын су басудан қорғап, Шевченко және Балқаш тоғандарын сумен қамтамасыз етеді.

Қостанай облысында су тасқыны салдарынан жол жабылды

Соңғы жаңалықтар