Аукцион нәтижесінде қымбат көлік мемлекеттік органдардың меншігіне берілгені хабарланды. Десе де, көлік нақты қай мекемеге бұйырғаны айтылмаған.
«Мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне беру және бекіту. Сауда-саттық мәртебесі: Өтті», деп жазылған порталдағы хабарландыруда.
Бұған дейін көлік құны – 79 415 000 теңгеге бағаланғаны белгілі болған.
Астана қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті 514ARQ01 мемлекеттік нөмірлі қара түсті Haval H6 GT автокөлігін аукционға шығарылғанын хабарлады. Аталған көлік Перизат Қайраттың анасы, сотталған Ғайни Алашбаеваның ағасы Қырымгерей Алашбаевтың атында болған. Аталған көліктің бағалау құны – 11 939 000 теңге.

Еске салайық, 2025 жылғы 25 шілдеде Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Сонымен қатар ол қайырымдылық үшін табысталатын «Шапағат» мемлекеттік медалінен айырылды.
Сот үкіміне сәйкес, Перизат Қайрат пен оның анасы (оған да айыптау үкімі шыққан) 50 жәбірленушінің пайдасына жалпы сомасы 1 млрд 582 млн теңге көлемінде материалдық шығынды өтеуге міндеттелді. Бұдан бөлек, олар 22 млн теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын және әрқайсысы 698 мың теңгеден сот шығындарын төлеуі тиіс.