Спорт • Бүгін, 08:58

Жарыс күнделігі

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақ шахматшысы Бибісара Асаубаева Кипрде өтіп жатқан «Үміткерлер турнирінің» екінші айналымында екі кездесу өткізіп, екі ретінде де тең түсті.

Жарыс күнделігі
  • Алғашында үндістандық Вайшали Рамешбабумен кездессе, одан кейін ресейлік Александра Горячкинамен шеберлік байқасты. Қазіргі кезде Б.Асаубаева жарыс кестесінде Горячкинамен бірге алтыншы, жетінші орындарды өзара бөлісіп тұр. Бибісараның келесі қарсыласы – қытайлық Чжу Цзиньэр.
  • Кеше Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогі басталды. Жарыста еліміздің намысын Милад Карими, Нариман Құрбанов, Зейнолла Ыдырысов, Ілияс Әзізов сынды шеберлер қорғайды.
  • 12–18 сәуір аралығында Испанияның Пучсерда қаласында шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатының (IВ дивизионы) жалауы желбірейді. Пиреней түбегінде біздің команда мынадай құрамда өнер көрсетеді: қақпашылар – Вероника Агеева, Полина Говтва («Торпедо»), Арина Щеколова («Томирис»); қорғаушылар – Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай («Томирис»), Катрин Мескини, Полина Яковлева («Торпедо»), Аида Олжабаева, Мадина Тұрсынова, Анна Пяткова («Айсұлу»); шабуылшылар – Малика Алдабергенова, Пернеш Әшімова, Елизавета Дюндина, Лариса Свиридова («Айсұлу»), София Зубкова, Ділназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы («Торпедо»), Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Александра Шегай («Томирис»), София Муравьева («Айсұлу»). Додада жерлестеріміз Латвия, Нидерланд, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Испания құрамаларына қарсы ойнайды.
  • 18 жасар шахматшы Алуа Нұрман Германияның Карлсруэ қаласында ұйымдастырылған «Grenke Chess Freestyle Open 2026» турнирінің күміс жүлдегері атанды. Сегіз ойыннан кейін алты ұпай жиған ол Үнді елінің өкілі Харика Дронаваллиден ғана қалып қойды. Қола медальды германиялық Динара Вагнер иеленді. Үш жүлдегер келер жылдың басында фристайл-шахматтан (Фишер шахматынан) өтетін әлем чемпионатына жолдамаға қол жеткізді. 
  • Танымал кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (24-1, 17 КО) өзінің келесі жекпе-жегін 6 маусымда Ташкентте жергілікті нокаутер Шохжахона Эргашевке (26-2, 23 КО) қарсы өткізеді. Өзінің соңғы бәсекесін қандасымыз осыдан бір жыл бұрын Астанада ұлыбританиялық Кейн Гарднерге (18-5, 7 КО) қарсы өткізіп, оны ұпай санымен ұтты. 
Соңғы жаңалықтар

Ертіс өзенінде сең қозғалды

Табиғат • Бүгін, 09:45

Айдың арғы беті...

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:58