Саясат • Бүгін, 08:02

Экология заңдарын жетілдіру маңызды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Ольга Булавкина ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламент­аралық Ассамблеясының Аграрлық саясат, табиғи ресурстар және эко­логия жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысына қатысты.

Экология заңдарын жетілдіру маңызды

Сурет: senate.parlam.kz

Отырыс барысында қатысушылар аграрлық саясат, экология және таби­ғат­ты ұтымды пайдалану саласындағы модельдік заңнаманы жетілдіру және пар­ламентаралық өзара іс-қимылды дамыту жөніндегі ауқымды мәселелерді қарады.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселенің бірі – ТМД-ға мүше мемлекеттерге ар­налған жаңа редакциядағы үлгі Жер кодексінің жобасын талқылау. Қарау қо­рытындысында құжат тұтастай мақұл­данып, кейіннен ТМД ПАА пленарлық отырысының қарауына енгізілетін болды.

Сонымен қатар комиссия мүшелері Достастық кеңістігіндегі саны 140-тан асатын ядролық мұра нысанына байланысты радиациялық-экологиялық қауіптерді жою саласындағы ТМД мемлекеттерінің іс-қимылдарын үйлестіруге бағытталған тұжырымдамалық құжатты әзірлеу жөніндегі бастаманы қолдады.

Отырыс аясында ТМД мем­лекет­теріндегі аграрлық саясат және эко­логия саласындағы заңнаманы дамыту мәселелері, қалдықтарды қайта өңдеуді экономикалық ынталандыру ша­ралары, сондай-ақ жер қойнауын пай­да­лану саласындағы сарапшылар қыз­метінің этикалық мәселелері қаралды.

«Таулы аумақтардың тұрақты дамуы» халықаралық форумының қорытын­дысына және трансшекаралық ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Отырыс қорытындысында үлгі заң шығаруды одан әрі дамыту және ТМД-ға мүше мемлекеттердің тұрақты даму саласындағы ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.

Соңғы жаңалықтар