Қоғам • Бүгін, 09:10

Биік бауырластықтың аманат жыры

30 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елордадағы Л.Н.Гу­милев атын­дағы Еура­зия ұлттық универ­ситетінде «Юнус Емре – Шәкәрім: Түркі халықтарының рухани бірлігі» атты халық­аралық симпозиум өтті.

Биік бауырластықтың аманат жыры

Юнус Емре мен Шә­кәрім Құдай­бердіұлы шығар­машылығы арқылы түркі әлемінің рухани мұрасын дәріптеу мақсатында ұйым­дастырылған іс-шара түркі ойшылдарының еңбектеріне арналған кітап көрмесін, екі ел мәдениеті мен достығын арқау еткен сурет көрмесін ашумен басталды. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов пен Анка­ра әлеуметтік ғылымдар уни­верситетінің ректоры, профессор, Түркия Жазушылар одағының төрағасы Арыжан Мұса Қазым көрмеге туындылары қойылған суретшілерді Алғысхатпен марапаттап, содан кейін екі оқу орны арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ Түркия­дан арнайы келген қонақ Анкара әлеуметтік ғылымдар универ­ситетінің ректоры Арыжан Мұса Қазымға «Еуразия ұлттық уни­версите­тінің құрметті профессоры» атағы беріліп, Абайдың қазақ-түрік тілдерінде жарық көрген «Қара сөздері» тарту етілді. Арыжан Мұса Қазым өз кезегінде Юнус Емре мен Шәкәрім Құдайбердіұлы шығар­машылығының үндес­­ті­гіне тоқталып, екі ой­шыл философиясының түп-тамы­ры Қожа Ахмет Ясауи­­дің хикметтерінен бас­­талатынын сөз етті.

Ал Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп Юнус Емре мен Шәкәрім Құдайбер­діұлының шығармашылығына арналған сим­позиум екі ел арасындағы рухани байланысты тереңдетуге оң ықпал ететінін, атажұртта отырған қазақ пен бір кездері Сырдың бойынан Анадолыға қоныс аударған бүгінгі түрік бауыр­ларымыздың рухын жақын­дастыру алда да жалғаса бере­тінін сөз етті. Мұнан кейін Юнус Емре институтының профессоры Тавукчыоглы Орхан Кемал, «Қазақ газеттері» серіктестігі бас директоры, ғалым Дихан Қамзабекұлы баян­дама жасады.

Дихан Қамзабекұлы өз баян­дамасында түркі дүниесінің қос ойшылы Юнус Емре мен Шәкәрім Құдайбердіұлы арасын алты ғасыр уақыт бө­ліп тұрса да, олардың рухани сабақ­тастығы айқын бай­қа­ла­тынын әңгімелей келіп, екі тұлғаның шығар­маларында да Жаратқанның құбы­лысы мен құндылығын зерде­лейтін адам зердесінің сипаты мен деңгейі көрініс тапқанын тілге тиек етті. «Юнус Емренің «Жаттағаның жеткізбес, Үңілмесең әріпке» деуінде терең мән бар. Ал Шәкәрім Құдайбердіұлы мұны «Жығылмайтын дәлел тап, Бірезу болма өзімшіл» деп жеткізеді. Ақынның өрнегі де, бейнесі де – сөз. Сөз құді­реті – поэзия құдіреті. Бұл туралы екі ақын да өз дәуірін­дегі шын­дыққа сәйкес тұжы­рым­да­масын ұсынған», деді алаштанушы.

Түркі халықтарының руха­ни бірлігін нығайтуға, ха­лықара­лық ғылыми диа­лог­ті дамытуға бағытталған маңызды іс-шара барысында Қазақ­стан мен Түркияның жетекші ғалымдары мен қоғам қайраткерлері ойларын ортаға салып, екі елдің рухани қарым-қатынасы келешекте де тереңдеп, дами түсерін сөз етті.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:15

Бұйырғаны – жеті жүлде

Күрес • Бүгін, 09:05