АСТАНА. 27 наурыз. Астанада журналистика саласына қызығушылық танытқан мектеп оқушылары арасында ХІ Халықаралық медиа фестиваль өтуде. Соның аясында бүгін фестивальға қатысушылар «Егемен Қазақстан» республикалық газеті АҚ-ның президенті Сауытбек Абдрахмановпен кездесті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Кездесу «Егемен Қазақстан» газеті редакциясының мәжіліс залында өтті. Шара барысында Сауытбек Абдрахманұлы оқушыларға журналистиканың қыр-сыры мен еліміздегі бас газеттің тарихы жайында әңгімелеп берді.
Сөз басында газет басшысы: «Журналистика – елдің алдына шығып сөз сөйлеуге, кез келген құбылысты өзінше бағалауға құқық беретін мамандық. Бұл саланың өзгелерден басты артықшылығы осы», – деді.
Сонымен қатар оқушылар журналистиканың қадір-қасиеті, негізгі функциясы және болашақтағы рөлі туралы көп жайға қанық болды. Бұл жөнінде басылым басшысы: «Журналистиканың негізгі қадір-қасиеті – ол өмірге түрлі-түсті рең береді. Бір жазылған мақала екінші рет қайта жазылмайды. Ал көптеген мамандықта бір істің бірнеше рет қайталанатынын білеміз. Осыған қарап журналистиканың құны өзге саладан қаншалықты жоғары екенін көруге болады», – деді.
Ақпарат құралдарының атқарып отырған басты қызметі жайында: «Журналистиканың негізгі функциясы – қоғамдық пікірге ықпал ету арқылы адамдардың көзқарасын қалыптастыру. Ал болашақта журналистерге жүктелетін жауапкершілік бүгінгіден де ауыр болатыны ақиқат. Бұл – заман талабы», – деген Сауытбек Абдрахманов жас жеткіншектерге шет тілдерін еркін меңгеру керек екенін айтты.
Сондай-ақ, кітап және газет-журнал оқу мәселесіне тоқталған ол «Егемен Қазақстан» газетінің тарихын да назардан тыс қалдырмады. «Өткен жылдың соңында газетімізге 95 жыл толды. Бұл жерде Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Жүсіпбек Аймауытов сынды ұлттың ұлағатты тұғалары қызмет істеген. Қазір отырған редакциямызды 2009 жылы Елбасымыз өзі келіп ашып берді. Бүгінде Президентіміздің тікелей қамқорлығымен жарық көріп отырған газеттің тиражы 200 мыңнан асады», – деп, бас басылымның бүгінгі тыныс-тіршілігінен хабар берді.
Кездесу соңы еркін әңгімеге ұласып, оқушылар өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды. Өз кезегінде, оқушыларды бастап келген «Жұлдыз балалар одағы» қоғамдық ұйымының атқарушы директоры Жанна Абылхаева мағыналы кездесу үшін газет басшысына алғысын жеткізді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: Ерлан Омаров.

3000 шақырым жол: 76 жастағы ақсақал Ұлытаудан Парижге жаяу барды
Оқиға • Бүгін, 21:50
Жүк ұшақтарын әкелуге 12 жылдық кедендік жеңілдік енгізіледі
Салық • Бүгін, 21:16
Қазақстан джиу-джитсу құрамасы Парижде екінші орын иеленді
Спорт • Бүгін, 20:57
Атырау облысында браконьерлерден 6 тоннадан астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 20:43
Геннадий Онищенко: Ормұз бұғазы ашылмаса дәрі-дәрмек қымбаттайды
Әлем • Бүгін, 20:16
Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29