Жедел мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісі 16 сәуір күні Астана уақытымен сағат 04:57-де болған. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 4,1 балды құрады. Ал Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының дерегінше, магнитудасы 4,5 болған жер сілкінісінің ошағы Конорчок ауылынан солтүстікке қарай 18 шақырым жерде және Нарын қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 115 шақырым қашықтықта орналасқан.
Елді мекендерде сезілген дүмпу қарқыны мынадай болды:
- Конорчок және Чолок-Кайын ауылдарында – 3,5 балл;
- Кош-Булак пен Жаңы-Тилек ауылдарында – 3 балл;
- Баетово аудан орталығында – 3 балл.