Есеп жыл сайын БҰҰ, Оксфорд университеті және Gallup аналитикалық компаниясының қатысуымен жарияланып, өмір сапасын бағалауға арналған ең ірі жаһандық зерттеулердің бірі саналады. 2026 жылы рейтингке 147 ел енген, ал бағалау тұрғындардың өз өміріне берген бағасына негізделген.
Айта кетерлігі, Қазақстан тізімде тек жоғарылап қана қоймай, Франция мен Сингапур сияқты дамыған бірқатар елді де артта қалдырған. Бұл өмірге қанағаттану деңгейі тек экономикаға ғана тікелей байланысты еместігін көрсетеді.
Әлемдегі ең бақытты елдердің рейтингі жарияланды: Қазақстан нешінші орында тұр?
Есепке сәйкес, Қазақстандағы орташа өмірге қанағаттану деңгейі 6,633 балға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда өсім байқалған. Ел ТМД және Орталық Азия мемлекеттері арасында бақыт деңгейі бойынша көшбасшы болып отыр.
Зерттеушілер елдерді алты негізгі көрсеткіш бойынша бағалайды: табыс деңгейі, әлеуметтік қолдау, өмір сүру ұзақтығы, таңдау еркіндігі, жомарттық және жемқорлықты қабылдау деңгейі. Осы факторлардың жиынтығы халықтың жалпы әл-ауқат сезімін қалыптастырады.
Жаһандық рейтингте көш басында бұрынғысынша Финляндия тұр, ол бірнеше жылдан бері бірінші орынды сақтап келеді, ал Солтүстік Еуропа елдері дәстүрлі түрде үздік орындарды иеленеді.
Сарапшылар Қазақстанның жоғарылауын әлеуметтік ахуалдың жақсаруымен, қоғамдағы қолдау сезімінің күшеюімен және өмір сапасына қанағаттанудың артуымен байланыстырады. Бірден 10 орынға көтерілу – топ-40 елдер арасында ең айқын өсімдердің бірі.
Осылайша, Қазақстан жаһандық әл-ауқат картасындағы позициясын нығайтып, өмір сапасы жоғары елдер қатарына біртіндеп жақындап келеді.