Қоғам • Бүгін, 09:43

Министрлік ескерту жасады: Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар жауапқа тартылады

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі терроризм актісі туралы әдейі жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауап беретінін тағы да еске салды. Ведомствоның мәліметінше, мұндай әрекеттер Қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес қылмыстық құқықбұзушылық ретінде қарастырылады, деп жазады Egemen.kz.

Министрлік ескерту жасады: Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар жауапқа тартылады

Қазіргі таңда жарылғыш зат қойылғаны немесе қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төнгені туралы жалған хабарламалар интернет, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы таралып жатыр. Тіпті әзіл ретінде жасалған мұндай әрекеттердің өзі ауыр салдарға әкелуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, жалған ақпарат жаппай эвакуацияға, мекемелердің жұмысының тоқтауына және шұғыл қызметтердің негізсіз жұмылдырылуына себеп болады. Сондықтан мұндай әрекеттер үшін кінәлілерге бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген.

Жалған ақпарат таратудың жауапкершілігін білеміз бе?

Министрлік барлық хабарламалар міндетті түрде тексерілетінін, ал оны таратқан тұлғалар заманауи технологиялар арқылы анықталатынын атап өтті.

Полиция азаматтарды тексерілмеген ақпаратты таратпауға, жалған хабарламалар жасамауға және балаларға мұндай әрекеттердің жауапкершілігін түсіндіруге шақырады. Ал күмәнді немесе қауіпті хабар алған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабар беру қажет.

Соңғы жаңалықтар