Оқиға • Бүгін, 11:23

Үндістандағы фейерверк зауытында жарылыс болды: 23 адам қаза тапты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның Тамилнад штатында орналасқан фейерверк шығаратын зауытта жойқын жарылыс болып, 23 адам қаза тапты. Тағы алты жұмысшы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үндістандағы фейерверк зауытында жарылыс болды: 23 адам қаза тапты

Фото: yenisafak.com

Оқиға Вирудхунагар ауданындағы кәсіпорында болған. Жарылыс кезінде зауытта шамамен 30 адам жұмыс істеп жатқан.

Құтқару қызметінің мәліметінше, жарылыс шамамен сағат 15:30-да пиротехникалық өнімдерге арналған шикізат өңделіп жатқан аумақта болған. Соққы күші соншалық, үш ғимарат толық қирап, маңайдағы құрылыстар да бұзылған.

Панамадағы алапат өрт: Танкер жарылысынан бір адам қаза тапты

Құтқару жұмыстары кезінде екінші жарылыс болып, бір өрт сөндіруші ауыр жарақат алған.

Жергілікті билік 23 адамның қаза тапқанын растады. Зардап шеккен алты адам аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр.

Алдын ала дерекке сәйкес, кәсіпорынның лицензиясы болғанымен, өндіріс алаңында 100-ден астам жұмысшы болуы мүмкін деген мәлімет бар. Жарылыстан кейін зауыт иесі қашып кеткен, қазіргі уақытта ол іздестіріліп жатыр. Полиция қылмыстық іс қозғап, кәсіпорынның лицензиясын қайтарып алу мәселесін қарастырып жатыр.

Шахтинскідегі жарылыс: Пәтерді қасақана өртеді деген күдікке ілінген ер адам ұсталды

Айта кетейік, бұл – аталған өңірде соңғы бірнеше күн ішінде болған екінші қайғылы оқиға. Осыған дейін орын алған тағы бір жарылыс төрт адамның өмірін қиған болатын.

Соңғы жаңалықтар