Мереке • Бүгін, 11:37

«Қазақ тазысы мен төбет күні»: Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет қаулысына сәйкес, мерекелік күндер тізімі жаңа тармақпен толықтырылып, 3 қыркүйек – «Қазақ тазысы мен төбет күні» болып белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақ тазысы мен төбет күні»: Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

Фото: Ашық дереккөз

Аталған қаулы 2017 жылғы 31 қазанда бекітілген «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер тізбесін бекіту туралы» құжатқа өзгеріс енгізеді. Жаңа ереже 2026 жылғы 28 сәуірден бастап күшіне енеді.

Екі облыста тазы тұқымын анықтауға арналған байқау өтті

Еске сала кетейік, 8 сәуір күні Мәжілістің жалпы отырысында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға енгізілетін түзетулер қабылданды. Заң жобасын талқылау кезінде депутат Еділ Жаңбыршин егер де қожайыны бар ит адам өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіретін болса, оған жауапкершілік қарастырылатын норма енгізілгенін айтты.

Жануарларды қорғау және қоғам қауіпсіздігі: Қаңғыбас иттердің шабуылына қалай тосқауыл қоямыз?

Соңғы жаңалықтар