Оқиға • Бүгін, 16:46

Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 сәуір күні полицияға көпқабатты тұрғын үйдің шатырында ер адамның тұрғаны туралы хабар түскен. Тексеру барысында оның Астана қаласының 18 жастағы тұрғыны екені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол биіктен секіруге әрекет жасауы мүмкін болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды

Фото: t.me/myastanacity

Оқиға орнына жедел қызметтер мен психологтар жұмылдырылып, қайғылы жағдайдың алдын алу үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Полиция қызметкерлері аумақты қоршап, төменгі жақта арнайы үрлемелі қауіпсіздік жастығын орналастырған.

Астанада көпқабатты үйден өрт шықты: Балалар құтқарылды

Жүргізілген үйлесімді әрекеттердің нәтижесінде жас жігіт төбеден түсіріліп, қауіпсіз жерге жеткізілді. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Соңғы жаңалықтар