Фото: Ашық дереккөз
Қайғылы оқиға 20 сәуір күні болған. Ресми мәліметтерге сүйенсек, жұмысшы металл ұсақтау жұмыстарын орындау кезінде қаза тапқан.
«Қазхром» компаниясы орын алған жағдай туралы мемлекеттік органдарға дереу хабарлаған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Маңғыстауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды: Жұмысшы зардап шекті
Кәсіпорын басшылығы қаза тапқан жұмысшының отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтып, қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.