Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындап, бұл әрекетке қызғаныш себеп болғанын айтқан. Оның сөзінше, ол күйеуінің жәбірленушімен қарым-қатынасына күмәнданып, эмоцияға берілген.
Жәбірленуші бұл жағдай оның ар-намысына, беделіне және отбасылық өміріне зиян келтіргенін мәлімдеген. Ол заңды некеде екенін, алты баланы тәрбиелеп отырғанын айтып, болған оқиға өзіне және отбасына моральдық ауыр соққы болғанын жеткізген.
Істің соңында сот шешімі заң аясында қаралып, айыпталушы жауапкершілікке тартылған.