Фото: Ашық дереккөз
FlyArystan компаниясы 2026 жылдың жазғы маусымында ішкі рейстер санын арттыратынын жеткізді. Осыған байланысты бірқатар өзгерістер енгізіледі:
- 1 маусым мен 31 тамыз аралығында Астана – Шымкент бағыты бойынша рейстер саны кей күндері күніне 4 рейске дейін көбейтіледі.
- 6 маусым мен 29 тамыз аралығында Астана – Қызылорда бағытында рейстер саны кей күндері күніне 2 рейске дейін артады.
- Ақтау – Шымкент бағыты бойынша қосымша кері рейстер енгізіледі.
- Ақтау – Ақтөбе бағытына қосымша рейс күні қосылады.
Авиабилеттер әуе компаниясының ресми сайты, мобильді қосымшасы және басқа сату арналары арқылы қолжетімді. Базалық тарифке 7 кг-ға дейінгі қол жүгін және борттағы орынның автоматты тағайындалуы кіреді.