Әлем • Бүгін, 10:20

Сайлау қарсаңындағы теракт: Колумбияда автобус жарылысынан 20 адам ажал құшты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Колумбияның Каука департаментіндегі Панамерикан тас жолында автобустың жарылуы салдарынан кемінде 20 адам қаза тауып, тағы 36 адам жараланды. Зардап шеккендердің арасында бес бала бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сайлау қарсаңындағы теракт: Колумбияда автобус жарылысынан 20 адам ажал құшты

Фото: Ашық дереккөз

Оқиға 26 сәуір, жексенбі күні болған. Куәгерлердің айтуынша, жарылыстың күші соншалық, адамдарды бірнеше метрге дейін ұшырып жіберген.

Каука департаментінің губернаторы Октавио Гусман бұл оқиғаны бейбіт тұрғындарға бағытталған шабуыл деп атады.

 Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырады: 66 адам қаза тапты

Билік өкілдері бұл теракт үшін «Хайме Мартинес» қарулы тобын жауапты деп отыр. Аталған топ бұрынғы FARC (Колумбияның революциялық қарулы күштері) мүшелерінен құралған және бейбіт келісімнен кейін қаруды тастаудан бас тартқан жауынгерлерден тұрады.

Жергілікті биліктің мәліметінше, соңғы екі күнде елдің оңтүстік-батысында бейбіт тұрғындар зардап шеккен кемінде 26 зорлық-зомбылық оқиғасы тіркелген.

 Щучинсктегі жарылысқа қатысы бар тағы екі күдікті ұсталды

Қауіпсіздік жағдайының ушығуы Колумбиядағы сайлау науқанының шешуші кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Президент сайлауы 31 мамырға жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар