Қазгидрометтің мәліметінше, солтүстік және орталық облыстарда жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, сондай-ақ 28 сәуірде елдің орталығында түнгі уақытта 3°С-қа дейін үсік жүреді деп күтіледі.
Күндіз республика бойынша ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:
- Батыста – +15...+20°С дейін;
- Солтүстік-батыста – +17...+25°С дейін;
- Солтүстікте – +21...+26°С дейін;
- Орталықта – +21...+30°С дейін;
- Шығыста – +19...+27°С дейін;
- Оңтүстікте – +25...+34°С дейін;
- Оңтүстік-шығыста – +22...+27°С дейін.