Технология • Бүгін, 12:50

Алматыдағыдан 3 есе қуатты: Бағдат Мусин Қазақстанның жаңа суперкомпьютері туралы айтты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда деректерді өңдеу инфрақұрылымын дамыту және жаңа буын есептеу қуаттарын енгізу жұмыстары жалғасып жатыр. Үкімет отырысында «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин бұл бағыттағы негізгі жобалар туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Алматыдағыдан 3 есе қуатты: Бағдат Мусин Қазақстанның жаңа суперкомпьютері туралы айтты

Фото: Ашық дереккөз

Оның айтуынша, қазіргі таңда «Қазақтелеком» елдегі деректерді өңдеу орталықтарының ең ірі желісін басқарып отыр. Желі құрамында 1,7 мыңнан астам серверлік тірек, 25 МВт қуаттылық және нарықтағы 47% үлес бар.

Өткен жылдың қазан айында Алматы қаласында өнімділігі 1,5 петафлопс болатын AI-Farabium суперкомпьютері іске қосылған. Қазіргі таңда ол әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің қатарында 103-орында тұр, әрі оның есептеу қуаты 100% деңгейінде жүктелген.

Еліміздің суперкомпьютері ТОП-100 қатарына енді

«Сондай-ақ деректерді өңдеудің жаңа орталықтарының құрылысы жүргізіліп жатыр, биыл қараша айында Қосшы қаласында Алматыдағы орталықтан үш есе қуатты суперкомпьютерді іске қосу жоспарланып отыр», деді Бағдат Мусин.

Бұдан бөлек, «Қазақтелеком» Екібастұз қаласында деректерді өңдеу орталықтарының арнайы алқабын салу жобасының операторы ретінде белгіленген. Қазіргі уақытта 20-дан астам гиперскейл-компаниямен келіссөздер жүргізіліп жатыр, ал алдын ала сұраныс көлемі 100 МВт-тан асады.

2030 жылға қарай суперкомпьютерлер кез келген құпиясөзді бұза алады

Соңғы жаңалықтар