Фото: Ашық дереккөз
«Стипендияны көбейтуге қатысты мәселе қазір пысықталып жатыр. Өздеріңіз білетіндей, стипендия мөлшері ұзақ уақыт бойы көтерілген жоқ, ал әлемде қымбатшылық байқалуда», деді Абай Рахмет.
Сонымен қатар ол «Болашақ» стипендиясы соңғы 15 жылдан астам уақыт бойы өзгермегенін, ал осы кезеңде әлемдік инфляцияның өскенін атап өтті. Соның салдарынан кейбір елдер мен қалаларда бөлінетін стипендия күнделікті шығындарға жеткіліксіз болып отырғаны айтылды.
Алдын ала болжам бойынша, стипендия көлемі 10-15%-ға өсуі мүмкін. Алайда нақты шешім мен соңғы параметрлер мәселе толық пысықталғаннан кейін белгілі болады. Бұл бағыттағы нақты жаңалықтар келесі жылы жарияланбақ.