Қоғам • Бүгін, 16:20

«Ұят болмасындағы» бала Мағжанның бүгінгі өмірі қандай?

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халыққа «Хабар» арнасында көрермен назарына ұсынылған «Ұят болмасын» бағдарламасы арқылы танылған актер Бекжан Тұрыстың ұлы Мағжан Асаубай «КешREC» бағдарламасына сұхбат беріп, бүгінде немен айналысып жүргенін айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Ұят болмасындағы» бала Мағжанның бүгінгі өмірі қандай?

Мағжан Асаубай сұхбат барысында «Ұят болмасын» бағдарламасына қалай келгенін айтып берді. 

«Мен ауылда өскен баламын. Демалыста әкем қалаға қыдыртуға алып келген кез болатын. Жол түсіп «Хабар» арнасына келгенде бағдарламаларға актерлерді іріктеп әрі балаларға да кастинг болып жатыр екен. Арнайы жасақталған студияда ауылда көріп жүрген тауық, күшік барлығы бар екен. Қалалық балалар олардан қорқып, именіп тұрғанда мен еркін тауықтарды қуалап, күшікті желкесінен ұстап алғанмын. Сол әрекеттеріме қызыққан режиссер Мұрат Бидосов ағамыз бен Серік Абас-шах ағамыз мені бағдарламаға алып, кастингтен аяқ асты өтіп кеткем», деді актер Мағжан Асаубай.

пп

Кейіннен Мағжанның өнер жолында жүруіне ата-анасы қарсылық білдіріп, ол техникалық мамандықты меңгеріп шығады. Десе де соңында өнерге, шығармашылыққа деген талпынысы жеңіп, Мағжан Асаубай өнер академиясын тәмамдайды. Ал бүгінде ол – М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының жас актері.

Соңғы жаңалықтар

Алпамыстың ұрпағы әлжуаз...

Пікір • Бүгін, 11:25