Оқиға • Бүгін, 12:12

Қызылорда облысында 14 жыл бұрын жасалған қылмыстың беті ашылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы полициясы 2012 жылы болған кісі өлтіру дерегін ашты. Қайғылы оқиға Қармақшы ауданының Жосалы кентінде топтық төбелес кезінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда облысында 14 жыл бұрын жасалған қылмыстың беті ашылды

Фото: Ашық дереккөз

Сол кезде жасөспірім пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Ол есін жимастан қайтыс болған.

Оқиғадан кейін төбелеске қатысқан азаматтардың барлығы анықталып, тексерілгенімен, нақты дәлелдер мен куәгерлердің жетіспеуі істің ұзақ уақыт бойы ашылмай қалуына себеп болған.

Биыл тергеу-жедел тобының жұмысы нәтижесінде басты куәгер анықталып, оқиғаның толық мән-жайы қалпына келтірілді. Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті анықталған. Ол сол кездегі төбелеске қатысқан азамат болып шыққан және қазір басқа қылмысы үшін жазасын өтеп жатыр.

Қажетті тергеу әрекеттері үшін күдікті Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторына жеткізілді. Жиналған дәлелдерден кейін ол өз кінәсін мойындады.

Тергеу барысында қылмыстың негізгі себебі ретінде жастар арасындағы өзара жанжал мен араздық көрсетілген. Қазіргі уақытта іс сотқа жолданған.

Ішкі істер министрлігі өткен жылдардағы ашылмаған қылмыстарды анықтау жұмыстары жалғасатынын және кез келген қылмыс ерте ме, кеш пе заң алдында жауапсыз қалмайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Алматыдағы жаппай төбелес кезінде болған екі жасөспірімнің өлімінен кейін қылмыстық іс қозғалды.

Атырау облысындағы отбасының өліміне қатысы бар деген күдікке ілінген Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар