Фото: ашық дереккөз
«Кәмелетке толмағандардың материалдық сыйақы алу мақсатында әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы үшінші тұлғалардың өтінішімен sim-карталарды іске қосып, оларды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге тіркеп, кейін басқа адамдарға беру жағдайлары тіркеліп жатыр», деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бейбіт Біржанов.
Алаяқтардың жаңа айласы: Apple-ден келген хат сізді тақырға отырғызуы мүмкін
Оның айтуынша, қаскөйлер бұл аккаунттарды азаматтарға алаяқтық қоңыраулар жасау үшін пайдаланады.
«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттарды тіркеу және оларды бөгде адамдарға беру алаяқтық пен өзге де заңсыз әрекеттерді жасау құралына айналуы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұндай әрекеттер қылмыс жасауға жәрдемдесу ретінде қаралады», деді Бейбіт Біржанов.
Ішкі істер министрлігі азаматтарды:
- шығу тегі күмәнді sim-карталар мен құрылғыларды сатып алмауға және таратпауға;
- өз аккаунттарын үшінші тұлғалардың пайдалануына бермеуге;
- кәмелетке толмағандарға мұндай әрекеттердің жауапкершілігі мен салдарын түсіндіруге;
- абоненттік нөмірлерді мессенджерлерде тіркеп, кейін оларды бөгде адамдарға бермеуге;
- күдікті әрекеттер байқалса, құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Полиция цифрлық кеңістіктің барлық қатысушыларына қырағы болуды ұсынады.
Бұған дейін Талғар қаласында алаяқтар «Джеки Чанның бейнесін» пайдаланып, зейнеткерді алдауға әрекет жасағанын жазған едік.