Фото: istockphoto.com
2025 жылдың желтоқсанында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ел бойынша стоматологиялық клиникаларды тексеру басталғанын хабарлаған болатын. Бұған ата-аналардың балаларды жалпы наркозбен емдеуге қатысты шағымдары себеп болған. Қазіргі уақытта тексеріс 500 клиникада жүргізілген.
«104 стоматологиялық клиника лицензиясын өз еркімен қайтарды. Ал 38 клиника бойынша материалдар сот органдарына жолданды. Заң бойынша лицензия екі жағдайда қайтарылады: меншік иесінің шешімімен немесе сот шешімі арқылы», деді Бауыржан Жүсіпов.
Павлодарда ауыл тұрғындарының тісін заңсыз емдеп жүрген шетелдік анықталды
Айта кетейік, 2024 жылдың күзінде Астанадағы жекеменшік стоматологиялық клиникалардың бірінде үш жасар қыз бала 18 тісін емдеу кезінде наркоздан оянбай көз жұмған еді. Марқұмның әкесінің айтуынша, дәрігерлер «Севоран» препаратын қолданған.