Сот алдында аға тергеуші Ермек Махамбетов пен ДЭР-дің екінші жедел басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Сарин жауап берді. Тергеу материалдарына сәйкес, Махамбетовтің өндірісіне қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен тұтыну кооперативі өкіліне қатысты іс түскен.
Полиция қызметкерлеріне пара берген: Грузияда жасырынған кәсіпкер елге қайтарылды
Айыптау нұсқасы бойынша, тергеуші күдіктіні ұзақ мерзімге сотталатынын айтып қорқытып, істі тоқтату үшін 50 млн теңге талап еткен. Ал Сарин параны алуға делдал болуға келіскен. Кейін кооператив өкілі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүгініп, арнайы операция барысында екі қызметкер де ұсталған.
Сот Ермек Махамбетовті пара алуға оқталды деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Дәулет Сарин парақорлыққа делдал болды деген айыппен 2 жылға сотталды.
Сонымен қатар сот Махамбетовке жәбірленушіге моральдық өтемақы ретінде 2 млн теңге төлеуді міндеттеді.
Әзірге үкім заңды күшіне енген жоқ.