Балалар • Бүгін, 01:02

Енді буллинг фактілерін елемегендерге айыппұл салынады

1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылып келеді. Енді буллинг фактілерін елемеген азаматтар 80 АЕК дейін айыппұл арқалауы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді буллинг фактілерін елемегендерге айыппұл салынады

Фото: istockphoto.com

 

Соңғы екі жылда бұл бағыттағы бақылау тетіктері едәуір күшейтілген. Тексерулер білім беру ұйымдары мен өңірлік білім басқармаларын қамтып, кейбір жағдайларда алдын ала ескертусіз жүргізіліп жатыр. Мәселен өткен жылы 70 өңірлік ведомство мен бірқатар білім беру ұйымдары тексерілген. Нәтижесінде 74 анықталған заңбұзушылықтарды жою 16 лауазымды тұлға мен бір ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар 5 маманға тәртіптік жаза қолданылған.

Оқу-ағарту министрі: Буллинг үшін директорды жұмыстан босату орынсыз

Ал 2026 жылғы наурыздан бастап Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Енді буллинг фактілерін елемеу, қажетті көмек көрсетпеу, мектепке бармайтын балаларды есепке алмау және тамақтандыруды ұйымдастырудағы олқылықтар үшін айыппұл қарастырылған. Жаза мөлшері құқықбұзушылықтың ауырлығы мен қайталануына байланысты 30-дан 80 айлық есептік көрсеткішке дейін белгіленген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада 7-сынып оқушысы буллингті анықтайтын жүйе ұсынғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар

Ардақты есімге лайық ұлан

Қоғам • Бүгін, 13:50

Лондондағы Мисс Кәусар

Қоғам • Бүгін, 13:45