Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:53

40 млн теңге пара алған: Өскеменде сот алқасының төрағасы ұсталды

1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

40 млн теңге пара алған: Өскеменде сот алқасының төрағасы ұсталды

Ақпаратты  Жоғарғы Сот растады. Алдын ала мәлімет бойынша, судья мүдделі тараптың пайдасына бас бостандығынан айырумен байланысты емес үкім шығару үшін 40 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мен Сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің бірлескен операциясы барысында аса ірі көлемде пара алу кезінде ұсталған.

«Мүдделі тараптың пайдасына оң шешім қабылдағаны үшін аса ірі көлемде пара алу фактісі бойынша Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы ұсталды», делінген хабарламада.

Шымкентте кәсіпкерден 25 млн теңге алған жалған тексеруші ұсталды

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар

Сын-қатерлерді еңсеру кезеңі

Саясат • Бүгін, 10:43

Білім гранты берілді

Білім • Бүгін, 10:40

Ai-Sana: идеядан – инновацияға

Білім • Бүгін, 10:36

Қадірсіз қасиет

Пікір • Бүгін, 10:25