Оқиға • Бүгін, 08:48

Тараздағы даулы видео: полиция басшысы қызметінен кетуі мүмкін

1 мин
оқу үшін

Тараз қаласында әлеуметтік желіде тараған даулы видеодан кейін аудандық полиция бөлімінің басшысы жұмыстан шығарылуы мүмкін. Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараздағы даулы видео: полиция басшысы қызметінен кетуі мүмкін

Әлеуметтік желілерде тараған видеода Таразда патрульдік полиция қызметкерлері Сарысу ауданы әкімшілік полиция бөлімінің басшысын тоқтатқан сәт көрсетілген. Алдын ала мәлімет бойынша, ол көлікті мас күйде басқаруы мүмкін деген күдік бар.

Видеода әріптестері «көлікті кім жүргізді?» деген сұрақ қойған кезде, ол «қарындасым» деп жауап бергені байқалады. Бұл жағдай желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, кейбір тұрғындар мұндай оқиға бұрын да болғанын жазып жатыр.

Өз әйелін қағып өлтірген: Күдікті полиция қызметкері болуы мүмкін

Ресми мәліметке сәйкес, аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Жамбыл облысы полиция департаменті күдікті қызметкердің құқықбұзушылық жасағаны дәлелденсе, Ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылатынын мәлімдеді.

Ведомство өкілдері заң бұзған кез келген қызметкер лауазымы мен шеніне қарамастан жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Еске салайық, Ақтауда полиция көлігі бір жарым жасар баланы қағып кетті.

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер тапшылығы байқалады

Медицина • Бүгін, 09:10

Гонконгпен байланыс беки түсті

Экономика • Бүгін, 09:05