Мереке • Бүгін, 11:07

Астанада 100-ге жуық коммуналдық қызметкер Әнұранды шырқады

1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Астанадағы «Бәйтерек» монументі алаңында ерекше патриоттық іс-шара өтті. «Астана Тазалық» мекемесінің 100-ге жуық қызметкері бас қосып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада 100-ге жуық коммуналдық қызметкер Әнұранды шырқады

Елорданың тазалығы мен көркеюіне күн сайын үлес қосып жүрген коммуналдық қызметкерлер бұл бастама арқылы мемлекеттік рәміздерге деген құрметін білдірді. Бүгінде кәсіпорында 1500-ден астам адам еңбек етеді.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, іс-шараның басты мақсаты – патриоттық рухты нығайту, ел бірлігін дәріптеу және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын насихаттау.

«Таза сана – таза қала» қағидатын ұстанған мекеме қызметкерлері қаланың тазалығын қамтамасыз етумен қатар, қоғамда отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеуге де ерекше мән береді.

Іс-шара соңында ұжым отандастарымызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

Еске салайық, бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні. Бұл күн еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін айқындайтын ерекше мереке.

Соңғы жаңалықтар