Оқиға • Бүгін, 13:41

Қолынан айырылған азамат жұмыс берушіден 28 млн теңгелік протезді сот арқылы өндіріп алды

1 мин
оқу үшін

Алматы облысында өндірістік жарақат салдарынан қолынан айырылған азамат сот арқылы жұмыс берушіден құны 28 млн теңге болатын заманауи протез алып беруді талап етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қолынан айырылған азамат жұмыс берушіден 28 млн теңгелік протезді сот арқылы өндіріп алды

Сот материалдарына сәйкес, ер адам еңбек міндеттерін орындау кезінде ауыр жарақат алып, соның салдарынан қолына ампутация жасалған. Медициналық-әлеуметтік сараптама оның еңбекке қабілеттілігін тұрақты түрде жоғалтқанын және үздіксіз протездеуді қажет ететінін анықтаған.

Іле аудандық соты жұмыс беруші компанияны қызметкерге микропроцессормен басқарылатын көп функциялы қол протезін сатып алып беру үшін келісімшарт жасауға міндеттеді. Сонымен қатар кәсіпорын протездің толық құнын, сондай-ақ протездеу кезеңіндегі стационарда тұру шығындарын өтеуі тиіс.

Семейде 21 жастағы студент ақша табамын деп қолынан айырылды

Сот шешімі заңды күшіне енді. Нәтижесінде зардап шеккен азамат құны 28 606 425 теңге болатын жоғары технологиялық протезбен қамтамасыз етіледі.

Соңғы жаңалықтар