Аймақтар • Бүгін, 18:15

Аптасына екі рет: Ақтаудан Батумиге тікелей рейс ашылды

1 мин
оқу үшін

FlyArystan әуе компаниясы Ақтау мен Батуми қалаларын байланыстыратын алғашқы тікелей әуе сапарын сәтті жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аптасына екі рет: Ақтаудан Батумиге тікелей рейс ашылды

Маусымның 6-сы күні таңертең Маңғыстаудан көкке көтерілген ұшақ небәрі 1 сағат 50 минут ішінде діттеген жеріне барып қонды.

Ақтау әуежайында алғашқы саяхатшыларға арнайы дәм ұсынылып, естелік сыйлықтар таратылды.

Батумиге келіп тоқтаған отандық ұшақты авиациялық дәстүр бойынша зәулім су аркасымен қарсы алды. Оған қоса, әуе экипажы мен жолаушылар үшін арнайы торт кесу рәсімі ұйымдастырылып, суретке түсу шарасы өтті.

Алматыдан Гонконгке тікелей әуе рейсі ашылады

Екі қала арасындағы тұрақты әуе қатынасы жазғы демалыс маусымының соңына дейін жалғасады. Тұрақты рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалып тұрады.

Бұл ұшу бағдарламасы биылғы жылдың 29 тамызына дейін есептелген.

Айта кетейік отандық Air Astana әуе компаниясы Дубай бағыты бойынша тұрақты рейстерді қайта жандандыруды жоспарлап отыр. Алматыдан ұшулар 20 маусымнан, ал Астанадан 10 шілдеден бастап қалпына келтіріледі.

Соңғы жаңалықтар

Болған ана шапаны

Руханият • Бүгін, 09:47

Жастар жиі оқитын кітаптар

Қоғам • Бүгін, 09:44