Фото: istockphoto.com
Жаңа рейстер 14 шілде мен 25 тамыз аралығында аптасына бір рет – сейсенбі күндері орындалады. Ұшу кестесіне сәйкес, Атыраудан ұшақ 10:40-та көтеріліп, Батумиге жергілікті уақыт бойынша 12:00-де қонады. Кері бағытта Батуми қаласынан 13:00-де ұшып, Атырауға 16:15-те жетеді.
FlyArystan президенті әрі бас атқарушы директоры Йохан Эйдхагеннің айтуынша, жазғы маусымда теңіз жағалауына сапарлайтын туристер саны артатындықтан, компания сұранысы жоғары бағыттарды көбейтіп отыр.
«Біз үшін маңыздысы – тек әуе бағыттарының географиясын кеңейту ғана емес, сонымен қатар жолаушыларға таңдау мүмкіндігін көбірек ұсыну. Атыраудан тікелей рейстің ашылуы елдің батысындағы тұрғындарға уақытты артық жоғалтпай, өздеріне ыңғайлы түрде сапар жоспарлауға мүмкіндік береді», деді Йохан Эйдхаген.
Пәкістан арқылы ұшады: Алматы мен Астанадан Дубайға қатынайтын рейстердің кестесі шықты
Айта кетейік, компания жақында Астана мен Ақтаудан Батумиге тікелей рейстер ашқан болатын.