Фото: Report
Сондай-ақ табиғи апаттан 200-ден астам адам жарақат алған, олардың көпшілігі зақымданған ғимараттардың ішінде зардап шеккен. Сонымен қатар жағалауда биіктігі 1 метрге жеткен цунами тіркелген.
Дженерал-Сантос қаласында бірнеше ғимарат құлап, негізгі инфрақұрылым жер сілкінісінен зақымданған. Сондай-ақ кем дегенде бір жағалаудағы ауылда цунами салдарынан ғимараттар қирады.
Айта кетейік, жерасты дүмпулерінің эпицентрі халқы шамамен 697 мың адам тұратын Генерал-Сантос қаласынан солтүстікке қарай 51 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.
Филиппиннің Азаматтық авиация басқармасы (CAAP) жер сілкінісі мен цунами қаупіне байланысты Генерал-Сантос қаласындағы әуежайдың уақытша жабылғанын хабарлады.
Филиппин президенті Фердинанд Маркос кіші Минданао аралындағы кейбір аймақтарда оқу орындарындағы сабақты уақытша тоқтатуға бұйрық берді. Жер сілкінісі осы аралдың оңтүстік жағалауында болған. Елдің президенті үкіметтік мекемелерге апат салдарын жою бойынша жұмысты үйлестіруді, гуманитарлық көмек көрсетуді және эвакуациялық орталықтардың жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар жер сілкінісінен кейін Жапонияның бірқатар жағалау аймақтарында цунами қаупі жарияланып, биіктігі 1 метрге дейін жетуі мүмкін толқындарға байланысты ондаған мың тұрғынға эвакуациялану ұсынылған.