ҚОСТАНАЙ. 15 мамыр. Қостанай облыстық мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкері өз үйіне түскен ұрыны оқиға үстінде ұстап алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Аталған департаменттің тергеу бөлімінің басшысы Владимир Фаякиннің пәтерін тонамақшы болған ұры пәтер иесінің қолына түсті. Пәтер күзет желісімен қамтамасыз етілген болатын. Ұры пәтердің есігін бұзбақшы болғанда иесіне «Сіздің үйге бөтен біреу кіріп жатыр» деген SMS келеді. Фанякин дереу үйіне жетеді, ол ұрыны көрісімен «шақырылмаған қонақты» ұстауға тырысады. Ұрының қашып кетуге тырысқан әрекетінен ештеңе шықпайды, ол 400 метрге жүгірмей-ақ, оны Фанякин қуып жетіп, желкесінен ұстап алып келеді. Полицияға хабарлап, қара ниетін жүзеге асырып үлгермеген ұрыны алып кетеді. Ұры 1984 жылы туған, бұрын сотталған, Қостанай қаласының тұрғыны болып шықты. Ол осыдан бұрын жеті рет ұрлық жасағанын да мойындауға мәжбүр болды. Қазір ол қаладан шықпау туралы қолхатпен жүр. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: ng.kz
Қылмыс • 15 Мамыр, 2015
Қостанайда департамент қызметкері ұрыны оқиға үстінде ұстап алды
Африкада Эбола вирусына байланысты төтенше жағдай жарияланды
Әлем • Бүгін, 12:46
Бангкокта пойыз бен автобус соқтығысып, 8 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 12:30
Астанадағы мектепте атыс ұйымдастырмақ болғандар ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:05
Қасым-Жомарт Тоқаевты шет мемлекет басшылары туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 11:35
Қазақстандағы әрбір екінші ересек адамның артериялық қысымы жоғары
Қоғам • Бүгін, 11:16
«Евровидение» байқауында Болгариялық әнші жеңіске жетті
Әлем • Бүгін, 10:56
«Миссиямды орындадым»: Роберт Левандовски «Барселонадан» кететінін мәлімдеді
Футбол • Бүгін, 10:28
Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек көрсетті
Саясат • Бүгін, 10:08
Президент Түркістан облысының әкімі мен өңір тұрғындарына ризашылығын білдірді
Саясат • Бүгін, 09:50
Экономика • Бүгін, 09:27
Сыртқа көп шықпаған жөн: Бүгін төрт қалада қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:18
Исламофобия: Сынақ һәм аңдысқан ағайын
Руханият • Кеше
Географиядан ұлттық олимпиада жеңімпаздары анықталды
Білім • Кеше