АСТАНА. 16 мамыр. Екі жыл бұрын Бостон марафоны кезінде жарылыс ұйымдастырды деп айыпталған Джохар Царнаевқа сот үкімі шықты. Бостон қаласының алқабилер соты 21 жастағы Царнаевты кінәлі деп танып, оны өлім жазасына кесті. Бұл туралы euronews.com хабарлады.
Ең ауыр жаза туралы шешімді сот процесіне қатысушылар бірауыздан қабылдады. Айыпталушы тарап сот үкімін 14 сағат күткенін айта кетейік. АҚШ-тың Бас прокуроры Лоретта Линч Царнаевқа қатысты шығарылған үкімді әділ деп есептейді.
Естеріңізге сала кетейік, ағайынды Тамерлан және Джохар Царнаевтар 2013 жылдың сәуір айында дәстүрлі Бостон марафоны кезінде жарылыс ұйымдастырды. Нәтижесінде 3 адам қаза тауып, 264-і әртүрлі деңгейдегі жарақат алды. Ұстау операциясы кезінде Тамерлан Царнаев қаза тауып, Джохар қолға түсті.
Осы жылдың сәуір айында алқабилер соты ұзақ кеңестен кейін Джохар Царнаевты оған тағылған айыптардың 30 пункті бойынша айыпты деп тапқан болатын.
Еламан Қоңыр.
Дерек: euronews.com.
Сурет: delfi.ee.

Исламофобия: Сынақ һәм аңдысқан ағайын
Руханият • Кеше
Географиядан ұлттық олимпиада жеңімпаздары анықталды
Білім • Кеше
Қазақстанда жауын-шашынды жасанды көбейту жобасы іске қосылды
Экология • Кеше
Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
«Музей түні»: Ел тұрғындарын қандай тосынсыйлар күтеді
Мәдениет • Кеше
Шетелдік инвесторлар үшін «Алтын виза» режимі енгізіледі
Экономика • Кеше
Президент зерделі ұлт қалыптастыруға арналған жарлыққа қол қойды
Президент • Кеше
Ақтөбеде облысында құралайларға GPS сырға тағылды
Экология • Кеше