АСТАНА. 18 мамыр. Австрия астанасы – Венада «Еуровидение-2015» ән байқауының ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы ntv.ru хабарлады.
Байқау биыл 60-шы рет ұйымдастырылып отыр. Венадағы сайыста 40 елдің өкілі бақ сынайды. 19 және 21 мамыр күндері алғашқы жартылай финалдар өтеді. Ал финал 23 мамырға жоспарланған.
«Еуровидение» байқауы дәстүр бойынша өткен жылғы жеңімпаз әншінің елінде өтеді. Былтыр Данияда өткен байқауда Австрия әншісі Кончита Вурсттің жеңіске жеткені белгілі.
Аталған байқауға Австралия алғаш рет қатысуда. Егер жасыл құрлықтың әншісі жеңіске жетсе, бұл ел келесі жылы да қатысу мүмкіндігіне ие болады. Дегенмен, ол байқау дәстүр бойынша Австралияда емес, Еуропада өтеді.
Сонымен қатар, биылғы ән сайысына Кипр, Сербия және Чехия елдері қайта оралса, Түркия, Хорватия, Украина, Болгария, Марокко, Монако, Словакия, Андорра, Лихтенштейн, Ливан, сондай-ақ, Босния және Герцеговина қатысудан бас тартты.
Еламан Қоңыр.
Дерек: ntv.ru.
Сурет: wikipedia.org.

Тарихшы ғалымның хаттары кітап болып жарық көрді
Әдебиет • Кеше
Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді
Аймақтар • Кеше
Түркі халықтарының көшбасшылары Turkistan визит-орталығына барды
Президент • Кеше
Президент түркі тарихын біріктіретін AI-платформа құруды ұсынды
Президент • Кеше
Президент: Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы: Түркістан – атажұртымыздың мызғымас темірқазығы
Президент • Кеше