ҚОСТАНАЙ. 18 мамыр. Қостанай облысының емдеу орындарына 116 адам кене шағып түскен. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қостанай өңірінде кененің денеге жабысқаны, оның шаққаны аса қатерлі емес. Кене шақандардың барлығы да аман. Алайда, мамандар жұртшылыққа кенеден сақтануды барынша ескертіп отыр. Кене улы болған жағдайда ол адам өміріне өте қауіпті саналатын мидың қабынуын тудыратыны белгілі. Сонымен қатар ол сіреспеден безгекке дейінгі қауіпті көптеген жұқпалы ауруларды да таратады. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық лаборатория меңгерушісі Қарлығаш Кенжебаева: «Біз лабораторияда кенелерді зерттейміз. Біз олардан безгек тарайтындығын тексереміз. Бірақ осы күнге дейін ауруға оң нәтиже берген емес. Енді биыл екінші рет безгекке тағы да тексерудеміз», деді.
Қарлығаш Кенжебаева кенеден сақтанудың жолдарын да айтты. Бір түсті киім, егу және түрлі химиялық заттар кенеден сақтануға мүмкіндік береді. Қостанай өңірінде кенелер улы болмаса да, олардан сақтану керек.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: alau.kz

Отандық шұбат шетелге экспорттала бастады
Экспорт • Кеше
Ақтөбе-Ұлғайсын автожолын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда жол битумына ішкі сұраныс толық қамтамасыз етілді
Қазақстан • Кеше
5 мың қарағай: Қостанай облысының машина жасаушылары Аманқарағай орманына көшет отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше