Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визерді қабылдады. Бұл кездесу үстіміздегі жылы Астанада өтетін дзюдодан әлем чемпионаты аясында орын алып отыр.
Мемлекеттік хатшы әлем чемпионатын өткізуді белгілеу кезінде елімізге таңдау жасағаны үшін Халықаралық дзюдо федерациясы басшысына ризашылығын білдірді. Және Қазақстанда спорттың барлық түріне қызығушылық артып келе жатқандығы да аталды. Соның жарқын дәлелі ретінде жақында пайдалануға берілген Мұз сарайын атауға болады.
«Елімізде жыл сайын жаңа спорт нысандары пайдалануға берілуде. Оның үстіне келесі жыл Олимпиада өтетін жыл болғандықтан, спорттың барлық түрінен дайындық басталып та кетті. Жалпы, Қазақстанда көптеген спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп келеді», – деді Мемлекеттік хатшы.
Қазіргі таңда дзюдо еліміздегі ең танымал спорт түрлерінің бірі болса, онымен 80 мыңнан астам қазақстандық тұрақты түрде айналысады. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дене тәрбиесіне, бұқаралық спортқа және бұл саладағы жоғары жетістіктерге айрықша мән беретінін атай келе, Гүлшара Әбдіқалықова бүгінде халықаралық талаптарға сай спорттық нысандар бой көтеруде және әлемдік деңгейдегі спорттық шаралар өткізілуде екендігін атап өтті.
Халықаралық дзюдо федерациясының президенті М.Визер додаға әлемнің көптеген елдерінен спортшылар келіп қатысса, осындай спорт түрлерінің жанкүйерлері Қазақстанға назар салатыны атап өтілді.
Мейманның айтуынша, қазір елімізде мектеп оқушылары мен балаларға арналған «мектептегі дзюдо» жобасы әзірленуде. Аталған жобаны қаржыландыру Халықаралық дзюдо федерациясы тарапынан жүргізілмек. Ретіне қарай, тәуелсіздіктен бергі кезеңде ел дзюдошылары Олимпиада ойындарында 1 күміс медаль алса, әлем чемпионаттарында – 1 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль, Азия ойындарында – 32 медаль, оның ішінде 1 алтын, 10 күміс және 21 қола алған.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».

5 миллион теңге: Қазақстан ардагерлерді қолдау бойынша көш бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:44
7 мамырдағы валюта бағамы белгілі болды
Теңге • Бүгін, 14:36
Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты
Ата заң • Бүгін, 14:25
Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15
Кең көлемді амнистия: ІІМ кімдерге жеңілдік болатынын түсіндірді
Қоғам • Бүгін, 13:45
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 13:19
«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі
Айбын • Бүгін, 13:00
«Әділет» партиясы құрылтай съезі мүшелері ұйымның жарғысын бекітті
Партия • Бүгін, 12:49
«Әділет» партиясы Мемлекет басшысының реформаларын қолдайтынын мәлімдеді
Партия • Бүгін, 12:29
Дәурен Қосанов, Қорғаныс министрі: Отандық зымыран өндірісі қолға алынады
Сұхбат • Бүгін, 12:15
Пікір • Бүгін, 12:00
Руханият • Бүгін, 11:50
Қазақстан армиясының әлемдік рейтингтегі орны бағаланды
Әскер • Бүгін, 11:15
АҚШ Иранға Ормұз бұғазын кезең-кезеңімен ашуды ұсынды
Әлем • Бүгін, 10:39
Алматыда «Батырларға тағзым – мәңгі жадымызда» патриоттық акциясы өтеді
Алматы • Бүгін, 10:06