01 Сәуір, 2015

Футбол. Жолдастық кездесу. Жапония – Өзбекстан 5:1

369 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Japan's midfielder Hajime Hosogai (C) ce

АСТАНА. 1 сәуір. Бүгін, наурыздың 31-нен сәуірдің 1-не қараған түні әлем елдерінде тағы бірқатар жолдастық кездесулер болып өтті. Бұл туралы шетелдер бұқаралық ақпарат құралдарының дерегіне сүйенген egemen.kz хабарлады. Жапонның Тёфу қаласында Жапония (суретте) және Өзбекстан құрамалары кездесті. Ойын алаң иелерінің айқын басымдылығымен өтті. Жапондар матчтың 7-минутында есеп ашты. Ал қалған 5 гол екінші таймда соғылды. Өзбектер есеп 3:0-ге жеткенде, жауап доп салды. Бірақ артынша Күншығыс елінің өкілдері тағы бір гол түсіріп, артықшылықты қайта қалпына келтірді. Жапондар мұнымен де тежелген жоқ, матчтың соңғы минутында таблодағы есепті бұрынғыдан да бекем ете түсті. Өзбектер осыдан бір апта ғана бұрын Оңтүстік Кореяда осы елдің терме жамағатымен кездесіп, 1:1 есебімен тең ойнап еді. Ал кеше ғана Еуропа чемпионатының іріктеу ойыны 5-туры ойынында біздің құраманы Астанада «талқандап» кеткен Исландия Таллинде эстон футболшыларымен бейбіт тарқасты – 1:1. Дамир Қожамқұл.   Сонымен, бұл күні түнде ойналған жолдастық кездесулер мынадай нәтижелер әкелді: Ресей – Қазақстан 0:0 Жапония – Өзбекстан 5:1 Голдар: Тосихиро Аояма 7, Синдзи Окадзаки 54, Гаку Сибасаки 79, Такаси Усами 83, Кензо Кавамата 90 – Ислам Тухтахуджаев 82 Қытай – Тунис 1:1 Голдар: Дабло Ю 90+4 – Мохамед Али-Мансер 39 Швейцария – АҚШ 1:1 Голдар: Валентин Штокер 80 – Брек Ши 45 Украина – Латвия 1:1 Голдар: Андрей Ярмоленко 35 – Виталий Максименко 90+2 Пуэрто-Рико – Канада 0:3 Голдар: Тосайн Риккетс 42, Рэнди Эдвини-Бонсу 60, Кайл Ларин 77 Ямайка – Куба 3:0 Голдар: Даниэль Гордан 1, Ромео Овандо Паркес 10, Даррен Мэттокс 34 Оңтүстік Корея – Жаңа Зеландия 1:0 Гол: Чже-Сун Ли 86 Лихтенштейн – Сан-Марино 1:0 Гол: Даниэль Кауфман 29 Эстония – Исландия 1:1 Голдар: Константин Васильев 55 – Рюрик Гисласон 9 Швеция – Иран 3:1 Голдар: Златан Ибрагимович 11, Маркос Берг 21, Ола Тойвонен 89 – Джавад Некунам 24 (пенальти) Люксембург – Түркия 1:2 Голдар: Марко Мутш 32 – Мавлют Эрданч 4, Хакан Чалханоглу 87 Израиль – Бельгия 0:1 Гол: Маруан Феллайни 9 Словакия – Чехия 1:0 Гол: Ондрей Дуда 49 Австрия – Босния және Герцоговина 1:1 Голдар: Марк Янко 35 – Изет Хайрович 48 Италия – Англия 1:1 Голдар: Грациано Пелле 29 – Эндрос Таунсенд 79 Португалия – Кабо-Верде 0:2 Голдар: Одаир Фортеш 38, Жеже 43 Алаңнан қуылды: Андре Пинту (П, 60) Гана – Мали 1:1 Голдар: Эммануэль Агьеминг-Баду 52 – Бакгари Скао 71 (пенальти) Нидерланды – Испания 2:0 Голдар: Стефан де Врей 13, Дави Классен 16