АТЫРАУ. 1 сәуір. Атырау тұрғыны полицияға көшеде тоналғаны жөнінде жалған шағым түсіргенін мойындады. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қаланың Привокзальный-5 шағын ауданында тұратын 35 жастағы тұрғынның тоналғаны туралы шағымы расталмады. Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарованың мәліметінше, шағымданушыға түн қараңғылығында белгісіз үшеу шабуыл жасап, 150 мың теңгесін тартып алған. Сол сәтте «жәбірленуші» кафеден шыққан екен.
Полиция жедел іздестіру шараларына кіріскен кезде арызданушы бастапқы айтқанынан айнып, шындықтың бетін ашты. Шындығында, ол ақшасын арақ ішуге жұмсап, отбасылық кикілжіңнің алдын алу үшін осындай қадамға барған Тіпті сол үшін өзінің бетін жарақаттағанын да мойындап отыр. Енді оған Қылмыстық Кодекстің 419-бабының 2-тармағы бойынша (қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзу) қылмыстық іс қозғалды.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: mhealth.ru.
• 01 Сәуір, 2015
Атырау тұрғыны жалған тоналу туралы шағым түсірді

Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25
«Мөлдір бұлақ» акциясы: Астанада 100-ден аса адам бұлақ маңын қоқыстан тазартты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:22
Алматыда көлік иелеріне катализатор орнату міндеттеледі
Алматы • Бүгін, 16:10