01 Сәуір, 2015

Қазақстандық өнерпаз Ресей президентіне арнап ән шығарды

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
DSC07032АСТАНА. 1 сәуір. Белгілі сазгер Шәміл Әбілтаевтың зайыбы Өріккүл Әділбекова Ресей президенті Владимир Путин туралы ән шығарып, оны интернет желісіне орналастырды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл, әрине, 1 сәуір күнгі әзіл емес, Өріккүл Әділбекова ойланып-толғанып жазған жыр жолдарын алматылық белгігі ақын Амантай Ахетовке орыс тіліне аудартқан. Сәтті шыққан туындыны қазақстандық белгілі опера әншісі Талғат Күзембаевтің өзі нәшіне салып орындаған. Осының бәрін жинақтаған Өрікгүл Әділбекова шығарманы Мәскеуге, дұрысы Ресей президенті әкімшілігіне салып жібереді. Көп кешікпей Ресей Федерациясы президентінің Азаматтар мен және ұйымдармен жұмыс істеу басқармасынан Әділбекованың хатын алғаны туралы хабар жеткен. Бұл туралы қуанышты хабарды «Егеменнің» Алматыдағы бөлімшесіне автордың жұбайы Шәміл Әбілтаев жеткізді. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: egemen.kz. DSC07025