01 Сәуір, 2015

Гаода туристерге сүйісуге тыйым салынады

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

01-04-15-gao-1

АСТАНА. 1 сәуір. Үндістанның Гао штатындағы Сальвадор-де-Мундо деревнясында көпшілік орындарда сүйісуге тыйым салынды. Бұл туралы Redigo.ru  хабарлады. Аталмыш жаңа тәртіпті жергілікті тұрғындар ойлап тапты. Олар мұнда әлемнің әр түкпірінен келіп тынығушылар тарапынан мұндай «әдепсіз» қылықтардың жасалуына төзбейтіндерін жеткізіп, осындай бастама көтерді. Ал жергілікті парламент өзінің кезекті отырысында өздерінің көз алдарында сүйісіп тұрғандарды көргілері келмеген жергілікті тұрғындардың өтінішіне бірден құлақ асты. Сөйтіп, бір ауыздан қолдау негізінде тиісті қарар қабылданды. Алайда, бұл тәртіпті бұзғандарға нақты қандай жаза қолданылатыны әзірге белгісіз. Соған қарамастан, деревнядағылар осы жаңа тәртіпті уағыздап, туристердің қаперлеріне салатын баннерлерді жаппай іліп тастады. Дегенмен, мамандар қазірдің өзінде қабылданған жаңа шараның жергілікті курорттың имиджіне зиянын тигізе бастағанын да жасырмй айтып отыр. Гао – Үндістанның ең шағын штаты. Бірақ соған қарамастан, ол елдің бас курорты болып саналады. Бұрын бұл маңайда бәрі де болған екен. Жағажайларының көптігі жағынан да бұл жерге теңдесетін аймақ жоқ. Солардың арасында нудистердің жайыла жүріп, суға түсетін жағажайлары да осы маңда орналасқан. Мұнда кезінде әлемнің әр қиырынан небір sex-символдар келетін болған. Осының бәрі туристердің мың-мыңдап келіп жатуын қамтамасыз етіп тұрған. Мұрат Айтқожа. Мәнбе, сурет: НТВ.