Cәуір айының соңы терек өсірушілер үшін ерекше жауапты күндер болып табылады. Себебі, осы уақытта олар қыстай топырақ астында көмулі жатқан терек бұтақтарын қазып алады. Оны жуандығы мен бүртіктерінің санына қарай ұзындығын 15-20 см. көлемінде кесіп алып, қалемшелер арқылы көбейту жұмысын жүргізеді. Өкінішке қарай, қосымша қаржы жұмсамай-ақ ағашты жылдам әрі тиімді көбейтудің бұл жолын білетіндер бүгінде аса көп емес. Сондықтан, «Гүлстан» республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік журналы мен «Гүлзар» қоғамдық бірлестігі Алматы облысы Кербұлақ ауданының Басши ауылындағы Райымбек атындағы және Алматы қаласының Алатау ауданындағы №178 лицейде арнайы шаралар өткізіп, осы саладағы өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. Онда терек қалемшесін әзірлеу және оны отырғызу жолдары көрсетілді. Мәселен, тәжірибелік жиында Басшиде Алматы облысының Кербұлақ, Көксу және Панфилов аудандарынан келген әлеуметтік сала өкілдері, ал Алматыда негізінен мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Бұл шара барысында қатысушыларға терек қалемшесін тәжірибелік алаңқайға өз қолдарымен отырғызып қана қоймай, оны өздері қызмет жасайтын мекемелер мен үйлерінде де өсіруі үшін терек қалемшелері тегін таратылды. Елімізде жыл сайын білім беру, денсаулық сақтау мекемелері мен жергілікті атқару органдарына және түрлі деңгейдегі елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарына бюджеттен қомақты қаржы жұмсалады. Аулаға, көше мен саябаққа егу үшін сатып алынатын мыңдаған көшеттердің, өкінішке қарай, көпшілігі өнбей қалады немесе күтім жасалмағандықтан, белгілі бір уақыттан кейін қурап қалады. Алайда, оның есебін жүргізіп, атқарылған жұмыстың қаншалықты тиімді-тиімсіз болғанын талдап, сараптама жасап жатқан ешкім жоқ. Сол себепті әрдайым көктемде және күзде жүргізілетін ағаш егу акциялары кезінде ұрандатып бастаған жұмыстардың басы таудай болғанымен, аяғы қылдай болып жататыны ешкімге құпия емес. «Біздің мақсатымыз – түйткілді мәселенің түйінін қалай шешуге болатынын көрсету. Ағаш егуді жалаң ұранға айналдырмай, оған жұртшылықты ерікті түрде қызықтыру. Қоршаған ортаны көгалдандыру мәдениетін дамытып, бұл саланы табыс көзіне айналдыру жолын көрсету», дейді «Гүлзар» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Бәтима Қаймолданова. Энергетика саласында жоғары оқу орнынан арнайы білім алып, мамандық алып шыққан Гөзел Құлжабаеваның өсімдіктер әлеміне деген қызығушылығы бұл күнде көзі қарақты оқырманға жақсы таныс. Оның гүл өсіріп, ағаш отырғызу арқылы жас ұрпақтың бойына балабақша қабырғасынан бастап қоршаған ортаны қорғау мәдениетін сіңіру идеясы бүгінде республиканың түкпір-түкпірінде түрлі деңгейдегі білім беру мекемелері арасында қызу қолдау тауып келе жатыр. «Гүлстан» республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік журналының бас редакторы Гөзел Құлжабаеваның айтуынша, қалемше арқылы көбейту жұмысын тек терекке ғана емес, өзге де ағаштар, бұталар мен гүлдерге де қолдануға болады. Тек оның өзіндік ерекшеліктері бар. Тез өсетіндігі мен әсемдігіне байланысты елді мекендерді көгалдандыруда кең қолданылатын терек ағашын кейбір азаматтар гүлдеген кезде ұшатын ақ ұлпалары аллергия тудыратындықтан, ұнатпайды. Алайда, бұл қолайсыздықтан құтылудың да жолы бар екенін олардың көпшілігі білмейді. Мамандардың айтуынша, терек егетін кезде оның еркегі мен ұрғашысын ажырата білу керек. Егер бұл ағаштың еркегін отырғызсаңыз, гүлдемейтін болғандықтан, одан ешқандай қолайсыздық туындамайды. Жалпы, жақсы қараса бойы жылына 3 метрге дейін өсетін терек ағашын тек сәндік үшін ғана емес, табыс табудың бір көзі ретінде де өсіруге болады. Оны бал шаруашылығы, дәрі-дәрмек, қолөнер, құрылыс, парфюмерия, сіріңке, тері илеу өнеркәсібі және тағы басқа да сан алуан шаруашылық салаларында қолдануға мүмкіндік бар. Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, журналист. АЛМАТЫ.
3000 шақырым жол: 76 жастағы ақсақал Ұлытаудан Парижге жаяу барды
Оқиға • Бүгін, 21:50
Жүк ұшақтарын әкелуге 12 жылдық кедендік жеңілдік енгізіледі
Салық • Бүгін, 21:16
Қазақстан джиу-джитсу құрамасы Парижде екінші орын иеленді
Спорт • Бүгін, 20:57
Атырау облысында браконьерлерден 6 тоннадан астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 20:43
Геннадий Онищенко: Ормұз бұғазы ашылмаса дәрі-дәрмек қымбаттайды
Әлем • Бүгін, 20:16
Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29