01 Сәуір, 2015

Өзбекстанда әлемдегі ең ұзақ жасаушы әйел қайтыс болды

548 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

01-04-15-tuti_iusupova-1

АСТАНА. 1 сәуір. Наурыздың 28-і күні таңертең ерте Өзбекстанда планетадағы ең жасы үлкен әйел, нәсілі қарақалпақ Тути (Тоты) Юсупова 135-ке қараған шағында қайтыс болды Бұл туралы UZ24  хабарлады. Ұзақ жасаушы қария Қарақалпақ жеріндегі Төрткүл ауданында тұрған. Агенттікке осы аудан хокимиятынан хабарлағандай, Тути Юсупов 27 наурыз, жұма күні жасы 134-тен енді асқан шағында дүние салған. Елдегі ең танымал ұзақ жасаушының бақилық болғаны туралы ақпар «Еркин Қарақалпақстан» газетінде жарық көрген. Қазанаманы «Нуроний» ардагерлерді әлеуметтік жағынан қорғау қоры Қарақалпақ бөлімшесі мен Төрткүл ауданының хокимияты берген. Жерлеу рәсіміне Қарақалпақ Республикасы Министрлер кеңесінің райысы Бахадир Янгибаев қатысқан. Тути Юсупова 1880 жылы Қарақалпақстанның Төрткүл ауданында қарақалпақ отбасында туған. Еңбек жолын «Көне Төрткүл» шаруашылығында бастап, зейнетке шыққанынша еңбек еткен. Ол содан кейін де ауданның дамуына өзіндік үлес қосқан. Өзбекстан президентінің жарлығымен Тути Юсупова «Шухрат» медалімен наградталған. 2010 жылы «Қарақалпақфильм» киностудиясы ол туралы «Үш ғасырдың куәсі» атты деректі фильм түсірген. Мұрат Айтқожа. Мәнбе, сурет: UZ24.